15.08.2025 ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР!

          «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығына (бұдан әрі – ҚР МО КО) сүйемелдеуді және жүйелік – техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

TumarCSP және CryptoSocket крипто провайдерінің SSL сертификаты 2025 жылдың 26 тамызында аяқталады.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жеке компьютерді қосқаннан кейін бірден ТumarCSP және CryptoSocket 6.3.3.16 бағдарламалық жасақтамасының жаңа нұсқасын орнатуға  кеңес береміз. Жүйе сізге бұл жаңартуды автоматты түрде орындауды ұсынуы керек.

Автоматты жаңарту сұралмаса, ТumarCSP және CryptoSocket крипто провайдерін қолмен орнатуды сұраңыз. Ол үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің өзекті нұсқасын Мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының ресми сайтынан (https://ucgo.gov.kz/ ) «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімінде 2025 жылғы 26 тамызға дейін жүктеп алу қажет.

Сондай-ақ, болашақта ТumarCSP және CryptoSocket крипто провайдерлерін автоматты түрде жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін IP-мекен-жайы көрсетілген ucgo.gov.kz доменін hosts файлына тиісті өзгерістер қосу арқылы енгізу қажет екеніне назар аударамыз.