мо ко эцқ алу/кері қайтарып алу
МО КО пайдаланушысының сертификатын беру және кері қайтарып алу тәртібі
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімімен танысыңыз (қазақ тілінде жүктеу).
Сертификат қазақ тілінде дайындауға арналған хат үлгісі (жүктеу)
МО КО пайдаланушысының сертификатын онлайн режимінде беру:
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері жұмыс станциясына негізгі ақпарат тасығышты қосады;
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері ip мекенжайы бойынша МО БКО арқылы МО КО online өтінім беру сервисінде өтінім беру жолымен Жабық кілтті генерациялайды:
https://ucgo.gov.kz/portal/public/;*
Қате пайда болған жағдайда, hosts файлында IP мекенжайы мен домендік атаудың бар екендігіне көз жеткізу қажет.
- Сұрау салуды жіберу нысанын көрсету үшін сертификат шығаруға сұрау салу батырмасын басыңыз (1-сурет ).
(1-сурет )
- «Сұранымды жіберу» батырмасын басыңыз.
5. «Сұранымды жіберу» батырмасын басқаннан кейін құрылғының құпиясөзін енгізу қажет (2-сурет).
(2-сурет)
Әдепкі бойынша пайдаланылатын құпиясөздер:
− eToken PRO 72K үшін – 1234567890.
− KAZTOKEN үшін – 12345678.
− JaCarta үшін – 1234567890.
− SafeNet eToken 5110 үшін – 1234567890.
6. Одан әрі өтініш берушінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін растайтын құсбелгіні қойып, өтініш қалыптастырылатын тілді таңдаңыз (3-сурет).
(3-сурет)
- Аты-жөні мен ЖСН енгізу тәсілін таңдаңыз (4-сурет).
(4-сурет)
8. «Деректерді қолмен енгізу» нұсқасын таңдаған кезде өтініш берушінің жеке куәлігінде көрсетілген деректерге дәл сәйкес Т.А.Ә. және ЖСН-ды енгізіп, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз (5-сурет).
(5-сурет )
- Сұрау салу дұрыс қалыптастырылып, жіберілген кезде сұрау салуды жіберу процесі және оның «Сұрау салу сәтті жіберілді» мәртебесі көрсетіледі (6-сурет).
(6-сурет)
- «Цифрлық құжат бойынша автоматты енгізу» нұсқасын таңдаған кезде өтініш берушінің ЖСН-ын және eGov mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінде немесе екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшасында «Қолжетімділікті ашу» батырмасын басқаннан кейін қалыптастырылған алты таңбалы кодты енгізіп, «Әрі қарай» батырмасын басыңыз (7-сурет).
(7-сурет )
11. Сұрау салу дұрыс қалыптастырылып, жіберілген кезде сұрау салуды жіберу процесі және оның «Сұрау салу сәтті жіберілді» мәртебесі көрсетіледі (8-сурет).
(8-сурет )
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері ЭҚЖ арқылы МО КО-ға өтінім берген кезде автоматты түрде қалыптастырылған хатты жібереді. Осы үлгіні мемлекеттік мекеменің электрондық бланкісіне орналастыру қажет.
- МО КО қызметкері өтініш берушінің хатын алғаннан кейін ұсынылған деректердің толықтығына тексеруді жүзеге асырады және сертификат беруге өтінімді растайды.
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері 1-2 жұмыс күні ішінде МО КО онлайн өтінім беру сервисіндегі «Сұраным статусын тексеру» функционалы арқылы сертификатты негізгі ақпарат тасығышқа орнатады.
“Сұраным статусын тексеру” функционалы арқылы негізгі ақпаратты тасығышқа сертификат орнату:
15. Сұрау салу жіберу нысанын шығару үшін Сұраным статусын тексеру батырмасын басыңыз (9-сурет).
(9-сурет)
- «Статус тексеру» батырмасын басыңыз.
- Кілтті ақпаратты жеткізгішке қол жеткізу құпиясөзін енгізіңіз (алғашқы сұрау салу кезінде) және «Әрі қарай» батырмасын басыңыз (10-сурет).
(10-сурет)
- ҚР МО КО операторы сұрау салуды растағаннан кейін сертификат негізгі ақпаратты жеткізгішке орнатылады (11-сурет).
(11-сурет)
Тексеру процесі дұрыс іске қосылған жағдайда (жеткізгіш қосылған, пайдаланушы профайлы бапталған, контейнерде пайдаланушының негізгі ақпараты бар) өрісте сұрау салуды жіберу туралы ақпарат көрсетіледі.
Егер сұрау салу МО КО операторымен өңделмесе, мынадай хабарлама көрсетіледі: Сіздің сұрау салуыңыз әлі өңделген жоқ – 12-суретті қараңыз.
(12-сурет)
Егер сұрау салуды МО КО операторы өңдесе, «Сертификат сәтті орнатылды» деген хабарлама көрсетіледі.
МО КО операторы сұрау салуды қабылдамаған кезде пайдаланушының кілті негізгі ақпаратты тасығышта орналасқан контейнерден автоматты түрде жойылады.
Маңызды! электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі-ЭҚЖ) хаттың қысқаша мазмұны бөлімінде –«онлайн ұсыну» жазу керек.
МО КО пайдаланушысының сертификатын шығаруға өтінімді онлайн режимінде беруді сертификат қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын жүзеге асыруға болады.
Офлайн режимінде МО КО пайдаланушыларының сертификатын кері қайтарып алу:
МО КО қызметкері өтініш берушінің сертификатын ЭҚЖ арқылы жіберілген хаттың негізінде кері қайтарып алады. Негізгі ақпаратты жеткізгіш МО хатының шығыс нөмірін көрсете отырып, пошта немесе арнайы пошта байланысы арқылы жіберіледі.
Сертификатты кері қайтарып алуға арналған қазақ тіліндегі хат үлгісі (жүктеу)
МО КО пайдаланушыларының сертификаттарын онлайн режимінде кері қайтарып алу:
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері жұмыс станциясына негізгі ақпаратты жеткізгішті қосады;
- Сертификатты кері қайтарып алу нысанын шығару үшін Сертификатты қайтып алуға сұраным батырмасын басыңыз (13-сурет).
(13-сурет)
Қорғалған негізгі ақпаратты жеткізгіш болған жағдайда «Сертификатты кері қайтару» батырмасын басыңыз.
4. Негізгі ақпаратты жеткізгішке қол жеткізу паролін енгізіп, Әрі қарай батырмасын басыңыз – (14-сурет).
(14-сурет)
- Кері қайтарылатын сертификаттарды таңдаңыз терезесінде ашылмалы тізімнен тексерілетін кілттің атрибутын (Жүйе беретін бірегей нөмір, кілтті шығаруға арналған өтініште көрсетіледі) таңдап, Әрі қарай батырмасын басыңыз (15-сурет).
(15-сурет)
- Сертификатты кері қайтарып алу процесі дұрыс аяқталған жағдайда «Сертификатты кері қайтарып алу мәртебесі» өрісінде сұрау салудың жіберілгені туралы ақпарат көрсетіледі:
Сұрау салу сәтті жіберілді.
- Осыдан кейін Сертификатты кері қайтарып алу туралы өтінішті қалыптастыруға арналған терезе көрсетіледі. Өтінішті қалыптастыру үшін екі тіл (қазақ және орыс тілдері) қолжетімді (16-сурет).
(16-сурет)
- ҚР мемлекеттік органының қызметкері ЭҚЖ арқылы ҚР МО КО-ға сертификатты кері қайтарып алуға өтінім беру кезінде автоматты түрде қалыптастырылған хатты жолдайды. Осы үлгіні мемлекеттік мекеменің электрондық бланкісіне орналастыру қажет.
9. Қорғалған негізгі ақпаратты жеткізгіш болмаған жағдайда «Үлгіні жүктеу» батырмасын басып, үлгіні толтырып, ЭҚЖ арқылы ҚР МО КО-ға жолдау қажет (17-сурет).
(17-сурет)
- МО КО қызметкері өтініш берушінің хатын алғаннан кейін ұсынылған деректердің толықтығына тексеруді жүзеге асырады және сертификатты кері қайтарып алуға сұрау салуды растайды.
МО КО берген негізгі ақпарат тасығыш мынадай жағдайларда кері қайтаруға жатады:
1) қызметкерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органынан шығару;
2) негізгі ақпарат тасығыштың істен шығуы;
3) МО КО пайдаланушысының сертификаты керексіз болғандықтан кері қайтарып алу кезінде.
Назар аударыңыз! Жергілікті атқарушы органдар негізгі ақпаратты тасығыштарды кері қайтармайды!
Өтінімді орындау мерзімі 3 жұмыс күніне дейін. Хаттарды тіркеу туралы сұрақтар бойынша хаттың шығыс нөмірін көрсете отырып, +7(7172) 701-665 телефоны бойынша хабарласуға болады.
Толық консультация алу үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
+7(7172) 701-665 (іш.68-43)
+7(7172) 701-665 (іш.68-41)
+7(7172) 701-665 (іш.30-16)
Хаттың орындалу туралы сұрақтар бойынша ЭҚЖ хаттың орындалу карточкасында көрсетілген жауапты орындаушыға қоңырау шалыңыз.
Техникалық сұрақтар бойынша пошта арқылы хабарласуға болады support@ucgo.gov.kz
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі