«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 2026 жылғы 12 қыркүйекте сағат 21:00-ден 2026 жылғы 13 қыркүйекте сағат 04:00-ге дейін ҚР МО КО онлайн сервисінің функционалын жаңарту бойынша жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап ҚР МО КО онлайн өтінім беру сервисінде өтініш берушіге сертификат беруге өтініш берген кезде төменде көрсетілген тәсілдердің бірін пайдалану қажет:
1) eGov mobile мобильдік қосымшасындағы немесе екінші деңгейдегі банктің қосымшасындағы Цифрлық құжаттар» веб-сервисінен алынған бір реттік Код, өтініш беруші «Қолжетімділікті ашу» батырмасын басу арқылы ҚР МО КО сайтында енгізу қажет 5 минут ішінде қолданыстағы дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беру үшін қысқа кодты жасауға бастамашылық жасайды өтініш беру кезінде;
2) өтініш берушінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беру мүмкіндігі болмаған кезде өтініш беруші өз деректерін қолмен енгізеді, содан кейін олар ЖТ МДҚ сервисі арқылы тексеріледі.
Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі