26.03.2026 «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерде

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерде құжаттарға қол қою кезінде TumarCSP и CryptoSocket криптопровайдерінің SSL-сертификатының қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты туындауы мүмкін іркілістердің алдын алу мақсатында, 2026 жылғы 28–29 наурыз аралығындағы демалыс күндері TumarCSP және CryptoSocket бағдарламалық қамтамасыз етулерін жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты, жаңарту орталығы арқылы TumarCSP және CryptoSocket бағдарламалық қамтамасыз етулерінің 6.3.4.02 жаңа нұсқасын орнатуды қамтамасыз ету үшін жұмыс күні аяқталғаннан кейін дербес компьютерлерді өшіруді ұсынамыз.

2026 жылғы 30 наурыз күні дербес компьютерді қосқаннан кейін жүйе жаңартуды автоматты түрде орындауды ұсынуы тиіс. Автоматты жаңарту сұралмаса, ТumarCSP және CryptoSocket бағдарламалық қамтамасыз етуді қолмен орнатуды сұраймыз.

Ол үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің өзекті нұсқасын Мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының ресми сайтынан (ucgo.gov.kz) «Бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімінде жүктеп алу қажет.

Анықтама: Болашақта ТumarCSP және CryptoSocket бағдарламалық қамтамасыз етулерін автоматты түрде жаңарту мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін IP-мекен-жайы көрсетілген ucgo.gov.kz доменін hosts файлына тиісті өзгерістер қосу арқылы енгізу қажет.